15 шіл, 2020 сағат 13:20

Алдағы үш тәулікте күн ыстық болады - Қазгидромет

Қазгидромет 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауылмен жел күшейеді. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массаларымен ыстық ауа райы сақталады.