«Қазгидромет» РМК 16-18 мамыр аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Алдағы үш тәулікте Батыс Сібірден Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарына ығысқан суық антициклон әсерінен республиканың орталық, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында күн суытады.
Бірақ мамыр процестері тұрақсыз. 17-18 мамырда солтүстік ауа ағындары батысқа ауысады. Осылайша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы тез көтеріледі.