29 нау, 2019 сағат 15:42

Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстанда 30 наурыз - 1 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Көктемгі күн сәулесінің артуына байланысты ауа температурасы жылдам көтерілуде. Қазақстанның бүкіл аумағы қар жамылғысынан тазарды деуге болады. Тек қиыр солтүстік облыстарда, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлердегі таулы аудандарда ғана қалды. Бірақ ол да жылдам еріп жатыр», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Көктемдегі циклондар мен антициклондардың жылдам ауысуына байланысты ауа райы да құбылмалы болады. Сондықтан алдағы үш күнде Қазақстанның оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, ал кей өңірлерде қысқа уақытқа болса да, күн жауын-шашынсыз, жылы болады.