Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, алдағы күндері Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Елдің қалған бөлігінде ауа райы оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталь бөліктер ықпалына байланысты болады. Мұнда көбінесе жаңбырлы ауа райы болжанады - найзағай, екпінді жел соғып, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Республиканың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, жел болуы мүмкін", - делінген хабарламада.
Ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер болмайды:
- күндіз батыста +30 +37 градус;
- оңтүстік-батыста +27 +37 градус;
- солтүстік-батыста +27 +35 градус;
- солтүстікте, шығыста +22 +30 градус;
- орталықта +20 +28 градус;
- оңтүстікте, оңтүстік-батыста, елдің шығысында +30 +35 градус;
- таулы аймақтарда +25 градус шамасында.