04 шіл, 2022 сағат 12:58

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 5-7 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райына Оңтүстік циклон әсер етеді. Жел соғып, жаңбыр жауады. 5 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста, солтүстікте, 6 шілдеде солтүстік-батыста, республиканың орталығында қатты жаңбыр жауады, найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін.

"7 шілдеде еліміздің батыс өңірлерінде жоғары атмосфералық қысым әсерінен жауын-шашын тоқтайды деп күтіледі. Ауа температурасы күндіз батыста +18+26 градустан +23+31 градусқа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте +15+23 градустан +20+28 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін.

Маңғыстау облысында +23+28 градус, Маңғыстау облысының оңтүстігінде +31 градус, елдің орталығында +20+28 градус, Қарағанды және Ұлытау облыстарының оңтүстігінде +33 градус, республиканың шығысында ауа температурасы +22+29 градус, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде +33 градус, Қазақстанның оңтүстігінде +30+37 градустан +25+33 градусқа дейін, елдің оңтүстік-шығысында ауа температурасы +28+33 градус, таулы аудандарда +23 градус болады деп күтіледі", - делінген хабарламада.