27 мам, 2022 сағат 16:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет мамандары 28-30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі биік циклон жырасының ықпалында болады. Ауа райының құбылмалы сипаты сақталып, найзағай соғып, жаңбыр жауады.

"28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнде еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.

Батыс аймаққа батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Ел аумағында жел күшейеді.

"Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылайды: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін, солтүстігінде 23-28 градусқа дейін, орталығында 25-30 градусқа дейін болады", - деп қорытындылады синоптиктер.