Синоптиктер Қазақстанда 23, 24 және 25 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет болжамына қарағанда, алдағы күндері еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын тоқтап, түнгі ауа температурасы 5-10 градус аязға дейін төмендеуіне әкеліп соғатын антициклон келеді.
"Республиканың қалған аумағында циклонның Жерорта теңізі аймағынан ығысуымен жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты болады. Еліміздің шығысында және орталығында жаңбыр мен жабысқақ қар, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстікте найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады", - делінген хабарламада.