Синоптиктер 24-26 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазгидромет" республикалық-мемлекеттік кәсіпорны жариялаған мәлімет бойынша, алдағы күндері еліміздің солтүстігінде қар жауып, боран соғады, ал оңтүстікте жаңбыр жауып, арты сулы қарға ұласады.
"Жаңа жер циклонының әсерінен республиканың солтүстік өңірлерінде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклоны әсеріннен жауын-шашынсыз ауа райы сақталып отыр", - делінген метеорологиялық қызметтің хабарламасында.