Қазгидромет синоптиктері 15, 16, 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Мамандар алдағы үш тәулікте ел аумағының басым бөлігіне оңтүстік циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің әсері болатынын атап өтті.
"Циклон әсерінен жаңбыр, қар жауып, тұман түсіп, жел күшейеді. Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Қазақстанның солтүстігінде ғана солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Ал түнгі ауа температурасы төмендеп, 17...28 градус аязды көрсетеді", - делінген хабарламада.