02 нау, 2022 сағат 16:30

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Синоптиктер 3, 4 және 5 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, көктем келгеніне қарамастан, Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінің тұрғындары оны әлі сезініп үлгермеген. Өйткені "бұл өңірде суық антициклон салдарынан ауа райы жауын-шашынсыз болды".

"4 наурызда Жерорта теңізінен келетін циклон ел аумағына әсер ете бастайды. Сондықтан жауын-шашын жауып, ауа температурасы көтеріледі", - делінген хабарламада.

Мамандардың болжамына сәйкес, солтүстік өңірлерде термометр бағандары күндіз 5 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 15-20 градусқа дейін көтеріледі.