11 ақп, 2022 сағат 13:10

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы


Қазгидромет синоптиктері 12, 13 және 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Демалыс күндері солтүстік-батыс циклонына байланысты жауын-шашын болады.

"Циклон ел аумағына одан ары әсер ете береді. Ол батыстан шығысқа қарай өтеді, сондықтан республиканың барлық өңірінде жауын-шашын жауады. Ауа температурасы көтеріліп, екпінді жел соғады. Ал еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады", - делінген хабарламада.