Синоптиктер 5, 6 және 7 ақпандағы ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронтальді бөліктер өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы болады. Сондықтан жауын-шашын жауып, солтүстік, орталық өңірлерде көктайғақ болып, тұман түсіп, екпінді жел мен бұрқасын болуы мүмкін.
"Батыста түнде 15 градус аязға дейін, күндіз 3 градусқа дейін жылы болып, солтүстік-батыста 18 градус аязға дейін, күндіз 13 аязға дейін температура төмендеуі мүмкін. Қазақстанның солтүстігінде ауа температурасы түнде 20 градус, күндіз 10 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.