Фото: ©Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов
Синоптиктер 29, 30 және 31 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазгидромет" мәліметінше, атмосфералық фронтальдық бөліктер өтуіне байланысты бүкіл республикада ауа райы тұрақсыз болады.
"Еліміздің басым бөлігінде қар жауады, оңтүстігінде және батысында жаңбыр мен қар жауады. Республиканың кейбір жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде батыста 8 градус аяз болады. Ал солтүстікте, шығыста және орталықта 20 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.