Синоптиктер 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді, сондықтан ауа температурасы қысқа мерзім ішінде төмендеп, жауын-шашын тоқтайды. Республиканың оңтүстік өңірлеріне циклондардың фронтальды бөлімі әсер етеді, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, көктайғақ әрі тұман күтіледі.
"Солтүстік-батыс антициклоны осы өңірлерді де қамтиды, сондықтан мұнда да температура төмендеп, жауын-шашын біртіндеп тоқтайды. Мереке күндері батыс өңірлерге Скандинавия аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды, жауын-шашын, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.