29 қар, 2021 сағат 12:43

Алдағы үш күнде ауа райы жылы болады – синоптиктер болжамы


Қазгидромет синоптиктері 30 қараша мен 1-2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, суық антициклон Қазақстан аумағынан бірте-бірте ығысады.

"Оның орнына Қара теңіз аудандарынан жылы батыс циклоны келеді, соған орай жауын-шашын, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі, сондай-ақ, ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды: күндіз Қазақстанның солтүстік жартысында 0-5 градусқа дейін жылы, оңтүстікте 10-15 градусқа дейін жылы, Түркістан облысында 20 жылы градусқа дейін жылы болады", - делінген хабарламада.

2 желтоқсанда еліміздің батыс өңірлеріне антициклон ауысады, сондықтан температура аздап төмендейді: түнде 5 градусқа дейін, күндіз 3 градусқа дейін аяз, Маңғыстау облысында 10 градус жылы болады. Еліміздің солтүстік-шығысы мен оңтүстік өңірлерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.