01 ақп, 2023 сағат 11:52

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Фото: uralskweek.kz

Қазгидромет синоптиктері 2-4 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары қысымды өріс ықпалында болады, аязды, желсіз және жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен жауын-шашын күтіледі: республиканың батысында, шығыста қар жауады, республиканың оңтүстік жартысында жауын-шашын болжанады (жаңбыр, бұрқасын).

"Оңтүстік облыстарда ауа температурасы күндіз 7-12 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түсіп, оңтүстікте жел күшейеді", - делінген хабарламада.