05 жел, 2022 сағат 10:46

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аяз, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.

"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды ​​облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.