12 қаз, 2022 сағат 12:29

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығыс жартысында еуропалық антициклон әсерінен жылы ауа райы сақталады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон әсерінен ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады.

"Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20 градус, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстікте 20-25 градус жылы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы 6-15 градус Цельсийге дейін төмендейді", - делінген хабарламада.