Қазгидромет 11-13 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Еуропалық антициклонның әсерінен жаңа жұмыс аптасының басында Қазақстан аумағында жауын-шашынның тоқтауы және күндізгі температураның жоғарылауы болжанады.
Елдің батысына Қара теңіз аудандарынан тағы бір циклон жылжуымен бұлтты және жаңбырлы ауа райы күтіледі.
Қазақстанның солтүстігінде және орталығында термометрлердің бағандары күндізгі уақытта 15 градус жылыға дейін, шығыста 13-18 градус жылыға дейін және оңтүстікте 20-25 градус жылыға дейін жоғарылайды, ал елдің батысында ауа температурасының 10-18 градус жылыға дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі.