07 қаз, 2022 сағат 13:50

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 8, 9 және 10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжып келе жатқан Баренц теңізінің әсерінен жауын-шашын болады.

"Республиканың солтүстік, шығыс және таулы аймақтарында түнде және таңертең жаңбырдың соңы қарға айналуы, тұман түсуі, желдің күшеюі күтіледе. Республиканың оңтүстігі мен батысында шаңды дауыл болуы мүмкін. Жаңа аптада республиканың батысында, одан кейін солтүстігінде жауын-шашын тоқтайды", - делінген хабарламада.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-13 градус жылы;

Батысында түнде 1-9 градусқ аяз, күндіз 15-25 градус жылы;

Қазақстанның оңтүстігінде түнде 1-6 градусқа дейін аяз, таулы аймақтарда 2-7 градус аяз.