Синоптиктер 2-4 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Болжам бойынша, Қазақстанның солтүстік өңірлеріне қатты нөсерден кейін Солтүстік антициклон ықпал етеді.
"Түнде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Қазақстанның оңтүстігінде ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт араласады, аспанда бұлттар көбейеді, жаңбыр болжанады, ал таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, тіптен қатты жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.