Синоптиктер 21-23 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Қазгидромет" мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде, алдағы үш тәулікте солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады: 22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, бұршақ жауады деп болжанады. Жел күшейеді.
"Еліміздің батыс өңірлерінде ауа райының төмендеуі байқалады, Қазақстанның солтүстік жартысында күндізгі температура +23+28 градус шегінде болады. Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады, тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай күтіледі. Ауа температурасының аздап төмендеуіне қарамастан, ол климаттық норма шегінде сақталады", - делінген хабарламада.