18 шіл, 2022 сағат 12:41

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Қазгидромет синоптиктері 19-21 шілдеге арнаған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

"Апта басында Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклон жотасы ықпалында болады. Содан кейін, 20 шілдеден бастап солтүстік-батыс циклон жырасының және атмосфералық фронталь бөліктердің ықпалында болады. Осыған байланысты еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді", - делінген хабарламада. 

Болжам бойынша, батыста және оңтүстік-батыста, 20 шілдеден бастап орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 40-45 градус аптап күтіледі.