27 мау, 2022 сағат 12:15

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 28-30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлеріне ауысатын Солтүстік-Батыс циклоны әсерінен найзағай мен жаңбыр болады.

"29 маусымда солтүстік өңірлерде, 30 маусымда шығыста қатты жаңбыр, сондай-ақ бұршақ, желдің күшеюі және ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Тек еліміздің батыс облыстарында скандинавиялық антициклон жотасы әсерінен жаңбыр тоқтайды", - делінген хабарламада.

Ірі қалалардағы ауа райы

28 маусымда Нұр-Сұлтанда күн ашық, түнде +9 градус, күндіз +21 градус.

Алматыда күн бұлтты, таңертең аздап жаңбыр жауады. Түнде +27 градус, күндіз +34 градус ыстық.

Шымкентте күн ашық. Түнде +28 градус, күндіз +38 градус ыстық.