15 мау, 2022 сағат 16:10

Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 16-18 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы үш тәулікте жекелеген аудандарда күн күркіреп, өткінші жаңбыр болжанады. 16 маусымда елдің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы 25-30 градусқа дейін, ал Қарағанды облысының оңтүстігінде 35 градусқа дейін ыстық болады», - делінген хабарламада.