Қазгидромет 9-11 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктер болжамына сәйкес, солтүстік-батыс циклоны әсерінен республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, қатты жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.
"11 маусымға қарай елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жаңбыр жауады. Елдің батысы мен оңтүстігінде құмды дауыл соғады деп болжанған. Солтүстік өңірлерде күндізгі ауа температурасы 20-28 градусқа дейін біртіндеп төмендейтінін қоспағанда, температурада айтарлықтай өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.