Қазгидромет 31 мамыр және 1-2 маусымға ауа райын болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
"Мамыр айының соңғы күні Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібірдің үстіндегі циклон жырасының ықпалында болады – найзағай ойнап, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша жел күшейеді.
Алайда 1 маусымда Батыс Қазақстанға Солтүстік антициклон әсер ете бастайды, ол республика аумағы арқылы шығыс бағытқа ауыса отырып, жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына және температураның төмендеуіне алып келеді. 1-2 маусымда еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда", - дейді синоптиктер.