Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронталды бөліктер өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады.
"Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, елдің оңтүстік жартысында - найзағай, орталығы мен шығысында қар аралас жаңбыр болады. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады", - делінген хабарламада.