«Қазгидромет» РМК 22-24 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Республиканың солтүстігінде жаңбыр және температураның төмендеуіне ықпал еткен суық атмосфералық фронт оңтүстікке жылжып келеді. Осыған байланысты алдағы екі тәулікте солтүстік, орталық және шығыс облыстарда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қатты жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ, оңтүстікте найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жаууы мүмкін. Ал, оңтүстік-шығыста таулы және тау бөктерінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады және осы аралықта бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыс және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы бұрынғыдай климаттық нормадан 3…5°С жоғары», - делінген хабарламада.