Қазгидромет 18-20 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстан аумағына ауысатын Қара теңіз циклоны жақын күндері республиканың барлық өңірлерін қамтиды. Циклон жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашын, қатты жел, мұз құбылыстары мен тұманның болуына ықпал етеді», - делінген хабарламада.