17 мау, 2019 сағат 12:34

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК 18-20 маусым аралығында ауа райы жауын-шашынды болатынын хабарлады. 

"Қазақстанның шығыс жартысына Батыс Сібірдің солтүстік аймағынан суық атмосфералық фронттардың жылжуы жалғасады. Сондықтан алдағы үш тәулікте кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр жауады, найзағай кезінде күшті екпінді жел күтіледі, күндізгі уақытта бұршақ болуы мүмкін, ал ауа температурасы климаттық нормадан төмен сақталады. Республиканың батыс және оңтүстік облыстарына жоғарғы атмосфералық қысым аймағы таралып, соның әсерінен аздаған бұлтты және ыстық ауа райы күтіледі",  - делінген таратылған ақпаратта.