15 шіл, 2022 сағат 16:31

Алдағы оқу жылы оқушылар қашықтан оқи ма – ДСМ жауабы


Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Ажар Ғиният "елде коронавирус таралса, оқушылар алдағы оқу жылы қалай оқиды?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz порталы.

Басқарма басшысы жаңа оқу жылында ұсынылған шектеулер туралы айту әлі ерте екенін айтты.

"Мектеп оқушылары қалай оқиды, карантин бола ма?" дегенге келсек, бұл мәселелерді оқу жылына жақынырақ талқылаймыз деп ойлаймын. Қазір басқа нәрсе айту ерте. Эпидемиологиялық жағдай мен инфекцияның таралуын болдырмау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айттым және алдағы уақытта да үнемі хабарлап отырамын", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстандағы коронавирус ауруының жаңартылған болжамын жариялаған болатын.

Денсаулық сақтау министрлігі ай сайын алдағы үш айға болжам жариялап отырады. Пессимистік сценарий бойынша күніне 4 мың науқасқа дейін тіркеледі. Реалистік сценарий бойынша күніне 2,5 мың адамға дейін анықталады. Оптимистік сценарий бойынша күніне мың науқасқа дейін тіркеледі. Коронавирус жұқтыру тамыз бойы жалғасып, қыркүйекте азаяды.