Синоптиктер 12-15 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазгидромет мәліметінше, алдағы күндері күн суытып, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Солтүстік-батыс суық антициклоны Қазақстанның солтүстік жартысына әсер етеді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауады, шығыстың, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында күндізгі жаңбыр түнде көктайғаққа айналуы мүмкін.
"14-15 қыркүйекте шығыста қатты жаңбыр жауады. Кейбір өңірлерде жел күшейеді. Түнде солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда аяз болады", - делінген хабарламада.