30 қаң, 2023 сағат 13:31

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Фото: izvmor.ru

Қазгидромет 31 қаңтар мен 2 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың солтүстік жартысы жоғары атмосфералық қысым өрісінің ықпалында болып, соған байланысты аязды ауа райы сақталады, бірақ жауын-шашын жаумайды.

"Елдің оңтүстік жартысында ауа райы жауын-шашын өтетін оңтүстік циклонмен анықталады. 2 ақпанда жауын-шашын болып, ауа температурасы 5-12 градусқа дейін жылиды", - делінген хабарламада.