Синоптиктер 15-17 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, 15-17 желтоқсан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі метеорологиялық жағдай Усть-Ишим үстіндегі ауқымды антициклон әсеріне байланысты болады. Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз және республиканың солтүстік өңірлерінде ауа температурасының түнде 23-28 градус аязға дейін төмендеуі күтіледі.
"Тек орталықта, оңтүстік-батыста, 17 желтоқсанда республиканың шығысында атмосфералық фронталь бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, аздаған қарлы боран күтіледі. Қазақстанның оңтүстік облыстарында тұман күтіледі", - делінген хабарламада.