05 қыр, 2022 сағат 12:40

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Синоптиктер 6-8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазгидромет мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады.

"6 қыркүйекте Маңғыстауда, 7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел болып, бұршақ жауады. Сондай-ақ республиканың солтүстік жартысында ауа температурасы төмендеп түнде 5-13, күндіз 15-23, түнде оңтүстікте 10-23, күндіз 20-35 градус жылы болады", - делінген хабарламада.