Синоптиктер 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжамға сәйкес, солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте негізінен құрғақ және шуақты ауа райы сақталады.
"Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон шұңқыры мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел болады деп болжанады", - делінген хабарламада.
Ауа температурасы:
- батыста +30 +38 градус,
- солтүстік-батыста +23 +35 градус,
- солтүстікте +20 +28 градус,
- орталықта +23 +33 градус,
- шығыста +18 +28 градус,
- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35 градус шегінде,
- таулы аудандарда +13 +20 градус.