Қазгидромет мамандары 14-16 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" "Қазгидромет" РМК мәліметіне сілтеме жасап.
Синоптиктер мәліметінше, Иран аймақтарынан келетін жылы ауа массалары Қазақстанның барлық аумағына әсерін тигізеді.
"Жылы ауа массасы жазғы ауа температурасын әкеліп, Қазақстанның бүкіл аумағына әсер етеді. Тіпті еліміздің солтүстігінде термометр бағаны күндіз 30-35 градус болады", - делінген хабарламада.