27 сәу, 2022 сағат 12:56

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Көрнекі сурет: elements.envato.com

Қазгидромет 28, 29 және 30 сәуірдегі ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, сәуірдің аяғында Қазақстанның батыс өңірлеріне Ақ теңізден келген циклон әсер етеді.

"Содан кейін ол шығыс бағытқа ауысып, елдің солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарына да әсер етеді. Республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. Сонымен қатар, 30 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Алдағы үш тәулікте республиканың оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, ал 30 сәуірде ол Қазақстанның басым бөлігін қамтиды.

"Сондықтан бұршақ жауып, дауыл тұрады. Қазақстан аумағында жел секундына 15-20 метрге, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста екпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді. Сондай-ақ, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте ауа температурасы біртіндеп төмендеп, елдің қалған аумағында жоғарылауы мүмкін", - делінген хабарламада.