18 сәу, 2022 сағат 12:11

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 19, 20 және 21 сәуірдегі ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан бойынша синоптикалық процестер жылдам ауысады деп болжанған. Осылайша, ауа райы құбылмалы болады деп күтіледі: жауын-шашын, найзағай болып, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ жауу ықтималдығы бар.

"Солтүстік-батыс антициклон әсерін сақтап, шығыс бағытқа қарай жылжиды: елдің орталығы мен шығысында ауа температурасы біртіндеп төмендейді - түнде 3 градус суық - 5 градус жылы, күндіз 5-15 градус жылы, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде 20 градусқа дейін жылы болады деп болжанған", - делінген хабарламада.