Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, сонымен қатар қар және тұман күтілуде, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазгидрометтің» болжамынша, елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде боран соғып, қар жауады.
"Республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кейде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Ал 23-24 наурызда республиканың батыс өңірлері Солтүстік-Батыс антициклонының ықпалында болады. Соның салдарынан мұнда жауын-шашын жаумайды. Республика бойынша тұман түседі және жел күшейеді. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнгі температура 5-13-тен 10-18 градусқа дейін ауытқиды. Күндіз термометр 0-8 градус аяздан аспайды, республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус, күндіз 2-10 градус жылы болады", - делінген хабарламада.