23 ақп, 2022 сағат 12:00

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 24-26 ақпанға арналған ауа райы  болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы ауқымды антициклон ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Елдің солтүстік жартысы фронталь бөліктер ықпалында қалады - жауын-шашын (қар), бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі. Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады", - делінген хабарламада.