09 ақп, 2022 сағат 12:31

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 10-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Болжамға сәйкес, жауын-шашынсыз, аяз ауа райын әкелген антициклон тек шығыс аймақтарда сақталып, елден тыс жерге ығысады.

"Солтүстік-батыстан ылғалды циклон жылжып келеді. Циклон жаңбыр мен қар, 12 ақпанда оңтүстік облыстарда қатты жауын-шашын, сондай-ақ жел мен көктайғақ құбылыстарын әкеледі. Қазақстанның солтүстігінде термометр бағандары күндіз тек 2-10 градус аязды көрсетеді", - делінген хабарламада.