31 жел, 2021 сағат 12:30

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 1, 2 және 3 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Ақ теңіз аудандарынан келетін солтүстік-батыс циклоны әсерінен батыста, кейін шығыс және республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашын болады. Тек Алматы, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

"Батыс және оңтүстік өңірлерде көктайғақ, солтүстік және орталық өңірлерде бұрқасын болады. Елде ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, аяз кетуі мүмкін. 3 қаңтарда еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 18 градус аяз болады, күндіз 8 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада. 

Оңтүстік жартысында түнде 5 градусқа дейін жылы, ал күндіз 13 градусқа дейін көтеріледі.