31 мам, 2021 сағат 17:13

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?


Қазгидромет 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ауқымды циклон республиканың көп бөлігінде құбылмалы ауа райына әсер етеді, найзағай күтіледі. 2 маусымда күндіз батыста, 3 маусымда республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Тек республиканың солтүстік жартысында солтүстік-батыс антициклоны сілемінің әсерінен түнде 11...16, кей жерлерде 8, күндіз 21...26, кей жерлерде 18 градус жылы болады деп болжанады», - делінген хабарлада.