26 там, 2019 сағат 15:50

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 27-29 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, жаздың соңғы аптасында ауа райы жылы, ал кей жерлерде тек қысқа мерзімге ғана ыстық болып тұрады, алайда ол кетеді.

«Солтүстік циклонның ықпалынан суық ағындар батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарында екпінді желмен, найзағайлы жаңбыр келеді. Алдағы тәулікте ауа температурасы төмендейді, бірақ 29 тамызда қайта жоғарылауы болжанады. 29 тамызда оңтүстік және оңтүстік-шығыста найзағайлы жаңбыр болуы ықтимал, мұнда бұрынғыдай ыстық, күндіз термометрдің сынап бағаналары плюс 28-37°С дейін көтерілетін болады», делінген хабарламада.