Қазгидромет 25-27 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Қазақстанның солтүстік облыстарында әлі де суық арктикалық ауа ағындары әсерінен жаңбырлы ауа райы сақталады, түнгі уақыттарда жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ал оңтүстік циклонға байланысты оңтүстік, оңтүстік-шығыс, орталық және шығыс өңірлерде жаңбыр, кей жерлерде нөсер жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал. Ауа температурасы орташа көп жылдық мәнге жуық және одан төмен болады», - делінген хабарламада.