Қазгидромет алдағы үш тәулікке, 19-21 наурыз аралығына ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Синоптиктердің болжауынша, еліміздегі алдағы үш күнгі ауа райы антициклонге байланысты болады.
«Еліміздің көптеген өңірінде жауын-шашын болмайды, тек түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен болатын тұман түседі.
Ал қиыр батыс және оңтүстік өңірлерде атмосфералық ағынның әсерінен жауын-шашын күтіледі. Оңтүстікте өткінші жауын жауып мен найзайғай жарқылдайды», - делінген хабарламада.
Ауа температурасы орташа көпжылдық мәнге жақын, алайда оңтүстікте 5...7° C жоғары болады.