27 ақп, 2019 сағат 10:51

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы күндері елімізде жауын-шашын, тұман және көктайғақ болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктер 28 ақпан - 2 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады.

«Қазақстанда алдағы күндері көктемгі құбылмалы ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік жартысының кей жерлерінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік жартысында жаңбыр жауып арты қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады», - делінген хабарламада.

Күндіз температура 5 градус жылы 18 градусқа дейін жоғарылауы күтіледі. Еліміздің барлық бөлігінде ауа температурасы климаттық мәннен жоғары болуы күтіледі.