Қазгидромет 25-27 қазан күндеріне қатысты ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстанның батысына Еділ өзені сағасынан көшкен ауа ағындары өңірге жауын-шашын әкеледі. Осыған байланысты, негізінен жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді.
Ал еліміздің басым бөлігінде алдағы екі күнде күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Көп облыстарда ауа температурасы 8-15°С, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 18-23 градус айналасында болады, кей жерлерде 28°С-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Тек 27 қазан күні солтүстік, орталық және оңтүстік облыстардың кей жерлерінде атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр жаууы ықтимал.